АЙМАҚ
Қазақстандағы Алтай: ойын-сауық, қонақ үйлер және орналасу туралы кеңестер
Таулы Алтайдың табиғаты аса көрікті, онда таудың әсем көріністері және белсенді демалыс жасайтын көптеген мүмкіндік үйлесім тапқан. Толығырақ біліңіз де, бізбен бірге өткізетін тамаша демалысыңызды жоспарлаңыз!
Қысқы белсенді демалыс:
Ски-тур
Сіздің деңгейіңіз бен тілегіңізге сәйкес маршрутты таңдаймыз, тауға қауіпсіз көтерілуді және түскен кезде тамаша әсер алуды қамтамасыз етеміз.
Хелиски
Гид тек қауіпсіздікті ғана емес, сонымен қатар түсу үшін бірегей орындарды таңдай отырып, барынша адреналинді қамтамасыз етеді.
Ратрак
Тау шыңдарын жайлы және қауіпсіз жағдайда бағындырып, тамаша дайындалған трассалардан сырғынап рақатқа бөленіңіз.
Қар кешкіш
Біздің тәжірибелі гидтермен бірге қарлы кеңшілікті зерттеңіз. Олар саяхатыңызды қалай барынша қызықты етуге болатынын біледі.
Риддер аймағын фрирайд үшін тамаша жер етіп, дайындық деңгейі әр түрлі райдерлерге көп мүмкіндік беретін бірнеше фактор.
Риддер аймағындағы фрирайдтың артықшылығы
Қазақстанның Алтайындағы Риддер бірегей орналасуы мен табиғи ресурстарының арқасында фрирайдерлер үшін нағыз Эльдорадоға айналды. Әрқайсыңыз өзіңіз үшін бірегей нәрсені табасыз.
Қыста Таулы Алтайдағы белсенді демалыстың түрлері
Риддер аймағындағы фрирайдтың артықшылығы
Жайлы биіктік: 2 000 метрге дейінгі биіктікте жүретін райдерлердің 99% климатқа бейімделуі қажет емес. Демек, сіз бірінші күннен бастап биіктік ауруы туралы алаңдамай, толыққанды сырғанауды бастай берсеңіз болады.

Биіктіктің алмасуы жақсы: Биіктіктің алмасуы 1000 метрден асатын беткейден сырғанауға тамаша жағдай жасайды. Тіпті биік таулар үшін де мұндай жағдай өте тартымды.

Қар көп: Қазан - қарашаның басынан бастап тұрақты түрде қар жауып, көптеген тау беткейінде сырғанау үшін тамаша жағдай жасайды. Қар қалың және жиі жауады, соның арқасында қар ұнтақты болады.

Маршрут көп: Риддер аймағында тәжірибелі райдерлерге де, жаңадан бастаушыларға да қолайлы көптеген бэккантри маршруты бар. Сіз апталап адамның аяғы баспаған қарда сырғанап, қызықты маршруттарды зерттей аласыз.

Еңісі біркелкі: Біркелкі еңіс және қардың жақсы сапасы сырғанауды өте қызықты әрі жанға жағымды етеді. Күтпеген жайпауыт жоқ, сондықтан қайта-қайта тоқтамай қозғалуға болады.

Сирек тоғайда сырғанау: Таудың көпшілігінде орман беткейдің едәуір бөлігін алып жатыр, бұл бұталарсыз еңісте сырағанауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе қол тимеген беткеймен сырғанауды ұнататын фрирайдер үшін өте жақсы.

Қар көшкіні қаупі төмен: Көшкін қаупі бар аймақтар жоқ емес, бірақ ол көзге көрінеді және саны аз. Бұл қауіпсіз сырғанауды оңайлатады.

Сырғанаудың алуан түрлілігі: Сырғанаудың алуан түрлерін, соның ішінде көтергіштен түсіп сырғанауды, жаяу көтерілуді, кэтскиинг және скитурды кезек-кезек таңдасаңыз болады, бұл әртүрлі ауа райы жағдайына тез бейімделуге мүмкіндік береді.

Алтай: Бұл өлке өзінің ежелгі көркімен, аңыздарымен және құпиясымен аса тартымды. Бұл еш жалықпастан табиғатты шексіз тамашалай беруге болатын жер.
Риддер аймағын фрирайд үшін тамаша жер етіп, дайындық деңгейі әр түрлі райдерлерге көп мүмкіндік беретін бірнеше фактор.
Қыста Таулы Алтайдағы белсенді демалыстың түрлері
Риддерді ерекше ететіні – қаланың айналасындағы фрирайд беткейлерінің географиясы. Маршрут ауқымы таңғалдырады: Ивановский, Проходной және Сержинский жоталарынан бастап Суық және Черепановский жоталарынан басталатын әсем скитур трассаларына дейін таңдауға болады. Сіздің адреналин қорыңыздың сарқылмайтыны анық!

BearLog Сіздерге мынадай қызмет ұсынуға дайын:

Хелиски: Біздің тікұшақтар ең қол жетпес және қызықты трассаларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Ұшамыз, сырғанаймыз, қайталаймыз!

Скитур: Кәсіпқой гидтер сіздерге шаңғымен сырғанау үшін жалпы трассадан алыс жердегі ең жақсы маршруттарды көрсетеді

Ратрак: Фрирайдтың жаңа деңгейі – сізді шыңға жеткізетін күшті ратрактың көмегімен жаңа түскен қарда сырғанау.

Қар кешкіш: Қарда жүрудің жылдам және адреналинге толы тәсілін жөн көретін адамдар үшін бізде қар кешкішті жалға алуға болатын жеке бағдарлама бар.

Жалпы алғанда, егер сізге адреналин, фрирайд және қысқы демалыс ұнаса, BearLog – сіздің барлық арманыңыз орындалатын орын. Мұнда әр адам өзіне ұнайтын нәрсені табады, ал біз демалысыңызды ұмытылмастай тамаша ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз!
Қазақстанның Алтайындағы Риддер бірегей орналасуы мен табиғи ресурстарының арқасында фрирайдерлер үшін нағыз Эльдорадоға айналды. Әрқайсыңыз өзіңіз үшін бірегей нәрсені табасыз.
Таулы Алтай. Екі доңғалақпен жүру: Сізді Вело-Адреналин Күтеді
Таулы Алтай — тау велосипедін ұнатын адамдар үшін жұмақ қана емес, бұл жерде:

  • Сіз табиғаттың сұлулығынан ләззат ала отырып, әсем Single Trails-пен сырғанай аласыз;

  • Cross Country машығыңызды жетілдіресіз немесе Downhill маршруттарында адреналинді сезінесіз;

  • Бұрын жүріп көрмеген соқпақтарда Freeriding стилімен сырғанап қозғалыс еркіндігін сезінесіз.

Бұл Алтайдың жүрегінде велосипед теуіп әлемдік деңгейдегі қызықты оқиғаны бастан кешуге бірегей мүмкіндігіңіз! Жай ғана жүрмей – айналаны зерттеңіз, бағындырыңыз және әр минуттан ләззат алыңыз. Таулы Алтай сізді күтуде – сапарға шығатын уақыт келді!
Елестетіп көріңізші: сіз, сіздің тау велосипедіңіз және ұлы Таулы Алтайдың шексіз соқпақтары. Велосипедіңіздің екі доңғалағы жабайы табиғаттың жерімен жүреді, әрбір жаңа бұрылыста керемет көрініс ашылады, қия беткеймен түскен сайын тұла бойыңызда адреналин ойнап тұрады.

Таулы Алтайда Багги мініп қызықты оқиғаны бастан кешу!
Багги мініп жүру – кез келген жолды абсолютті бағындыру, жылдамдық пен зор қуаныш. Дегенмен, багги жүргізу үшін белгілі бір машық пен сақтық қажет болатынын есте ұстаған жөн. Біздің тәжірибелі гидтер қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді және сапарыңыздан барынша рақат алуыңызға көмектеседі.

Жаз мезгілінде осы бірегей көлік құралымен жүріп қозғалыс еркіндігі мен таңғажайып табиғат көріністерін тамашалай отырып, таудағы қызықты оқиғалар әлеміне еніңіз!

Багги – жолсыз жермен жүру және экстремалды жағдай үшін арнайы жасалған, доңғалақтары үлкен жеңіл автокөлік. Мамыр айынан бастап қыркүйекке дейін бізге қосылып, Алтай өлкесінде қызықты оқиғаны бастан кешіңіз: Ивановский, Проходной, Сержинский жоталарын аралайтын қызығы көп сапарға шығыңыз. Суық және Черепанов жоталарының құламалы еңістерінде тұла бойыңыздағы адреналинді сезініңіз.

Жазғы Белсенді демалыс:
Тау велосипеді
Гидпен бірге сіз маунтинбайкингтің ең жақсы оңай және қиын маршруттарын зерттейсіз
Хайкинг
Тәжірибелі гидпен бірге жаяу жүргіншілер маршруттарымен жүріп табиғаттың сұлулығын ашасыз
Багги
Кәсіпқойдың басшылығымен жолсыз жерде көлік айдап экстремалды шытырман оқиғаны бастан кешесіз.
Біздің қонақүйдегі жазғы демалыс – бұл Алтай табиғатының көркі мен бірінші дәрежелі қызмет көрсетудің мінсіз үйлесімі. Мұнда сіз таза ауада белсенді демалыс жасауға, бассейн алдында тынығуға тамаша мүмкіндік аласыз және мейрамханамызда таңдаулы астың дәмін татып рақатқа бөленесіз. Бізге келіп, жазғы демалыстың әр сәтінен ләззат алыңыз!
Елестетіп көріңізші: сіз, сіздің тау велосипедіңіз және ұлы Таулы Алтайдың шексіз соқпақтары. Велосипедіңіздің екі доңғалағы жабайы табиғаттың жерімен жүреді, әрбір жаңа бұрылыста керемет көрініс ашылады, қия беткеймен түскен сайын тұла бойыңызда адреналин ойнап тұрады.
Таулы Алтай. Екі доңғалақпен жүру: Сізді Вело-Адреналин Күтеді!
Багги – жолсыз жермен жүру және экстремалды жағдай үшін арнайы жасалған, доңғалақтары үлкен жеңіл автокөлік. Мамыр айынан бастап қыркүйекке дейін бізге қосылып, Алтай өлкесінде қызықты оқиғаны бастан кешіңіз: Ивановский, Проходной, Сержинский жоталарын аралайтын қызығы көп сапарға шығыңыз. Суық және Черепанов жоталарының құламалы еңістерінде тұла бойыңыздағы адреналинді сезініңіз.
Таулы Алтайда Багги мініп қызықты оқиғаны бастан кешу!
Берлога дегеніміз – пана, ін, күш пен ресурс орны.
Біздің мекенжайымыз:
Қазақстан, Кенді Алтай, Риддер, Орталық көшесі 11

Өтінім қалдырыңыз, біз сізге бәрін толық айтып, көрсетеміз

Phone
WhatsApp